Жаңалықтар

Мақсат – халық табысын арттыру

Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Ауылды жерлердегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарлама аясында 3,4 млрд, теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы микрокредит беру, өңірлерді дамыту жəне ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бөлімінің басшысы Қуандық Ахметов фейсбук желісіндегі тікелей эфирде айтты.

Ауыл халқының өмір сүру деңгеймен, экономикасын көтеруге бағытталған бағдарламаның негізгі міндеті – ауыл халқының табысын арттыру. Өңірде 211,8 мың тұрғыны бар 160 ауылдық елді мекен бар. Осы ауылдарға серпін беру мақсатында жүзеге асырылатын жобаға 13 наурыздан бастап өтініш қабылдануда. Бағдарлама «Сарыарқа» əлеуметтік-кəсіпкерлік кəсіпорыны АҚ арқылы жүзеге асуда.

– Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған қолайлы бағдарламаның бірі. Шарттары да көңілге қонымды. Жалпы, микрокредит мерзімі бес жылды құраса, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жобалар үшін жеті жылға дейін ұзартылады. Шағын несиенің ең жоғарғы сомасы – 8 625 000 теңге, зəкірлік кооперацияны дамытуға 27 600 000 теңге мөлшерінде бекітілген. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайды əрі кепілзаттың болуы міндетті. Аталмыш шағын несие ет жəне сүт, құс, өсімдік шаруашылығын дамыту, шағын жылыжай жəне ауыл шаруашылығы тауарын өңдеу бизнес жобаларына беріледі, – дейді, Қуандық Ахметов.

Бүгінде 745 өтінім қабылданды. Оның ішінде 974 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы кооперативтерінен 44 өтінім түсті. 164 млн. теңге несиеге 15 жоба мақұлданды. Бүгінде сегіз адамға 35,4 млн. теңге сомасында қаражат берілді.

Мақұлданған 15 жобаның басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Жобалардың жүзеге асуы аса маңызды.

Сағыныш ƏБІЛ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button