Бағыт – айқын, мақсат – анық
Қоғамдағы өзекті мәселелер халық пен билік бірлесе әрекет еткенде ғана оң шешімін таппақ. Осы орайда енді ғана құрылған Ұлттық кеңес қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарарына сеніміміз зор.
Билік азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, маңызды шешімдерді бірге қабылдауды негізгі мақсаты ретінде айқындады. Бұл – әлбетте, құптарлық іс. Сондай-ақ, халық пен биліктің арасын жақындату заман талабы болса, Кеңестің құрылуын, оның қажеттілігін түсінуге болады. Кеңес құрамына да әртүрлі саланың, әртүрлі саяси партиялардың өкілдері кіргені қуантады. Олай болса, бір бағытта емес, жан-жақты атқарылатын жұмыс арқылы ең өзекті проблемалар шешімін табатыны анық.
Кеңес жұмысының төңірегінде саяси мәселелер ғана емес, әлеуметтік проблемалар, мемлекеттік бағдарламалар сарапталып, қаралады делінген. Бұл проблемаларды шешуде олқылықтар болса, бірден талқыланып, дер кезінде дұрыс өзгерістер жасауға мүмкіндік бермек.
Кеңес жұмысы арқылы тиімді ұсыныстар айтылып, келелі кеңестерде оң шешімдер қабылданатынына сеніміміз мол.
Виталий Тварионас,
«Lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.