Ресми

Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы сайланды

Мәди Тәкиев Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Қаржы және бюджет комитетіне Мәди Төкешұлы Тәкиевтің кандидатурасы ұсынылады. Мәди Төкешұлы – көп жыл бойы салық және кеден саласында, мемлекеттік кіріс органдарында, Президент Әкімшілігінде, өңірлерде қызмет атқарған, Ұлттық экономика вице-министрі болған тәжірибелі маман. Ол еңбек өтілін қарапайым бухгалтер мамандығынан бастап, осы салада қызметтің әр сатысынан өткен, – деп таныстырды депутат Елнұр Бейсенбаев.

Мәжіліс депутаттары кандидатураны мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button