Бас тақырыпРесми

Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Сурет tirshilik-tynysy.kz

Құжат жобасын 4 сағат бойы талқылаған депуттардың басым көпшілігі жаңа редакцияны қолдап дауыс берді. Қалыс қалғандар саны – 9, қарсы болғандар – 7, 1 депутат дауыс бермеді.

Сондай-ақ «Ақ жол», ЖСДП мен Қазақстан халық партиясының фракция төрағалары кодекс жобасы өздері қоспақ болған ұсыныстарды енгізген жағдайда ғана қабылдану керек деген ұстанымдарын айтты.

Жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығының шегі 40 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button