АймақБұқар жырауЖаңалықтар

Мәжіліс депутаты мұғалімді марапаттады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Бексұлтанов пен Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын осы ауданның Самарқанд аулында болып, ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Осы ауылдың Мәдениет үйінде өткен салтанатта Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов Самарқанд ЖБОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ернұр Шолановқа Қазақстан Республикасының “Білім беру саласының құрметті қызметкері” төсбелгісін табыс етті. Ол бұл марапатқа ширек ғасыр ұстаздық қызметінде қол жеткен табыстары үшін ие болды.


Ал аудан әкімі Ерлан Құсайын да ауыл педагогтарының бір тобын Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапаттап, олардың жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі еңбектеріне жоғары баға берді.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button