Мәжіліс депутаты ұлттық құндылықтардың маңызын атап өтті
Партияаралық диалог алаңында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Айдос Сарым ұлттық кодты сақтау ел тәуелсіздігінің берік тірегі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаһандану үдерісінде ұлттық болмысты, тілді, дәстүр мен тарихи жадыны қорғау – мемлекеттілікті нығайтудың басты шарты.

Сонымен қатар спикер жаңа Конституцияның 3-бабы мемлекеттік саясаттың негізгі өзегін айқындайтынын жеткізді.
– Онда егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты қағидаттар ретінде бекітілген. Құжатта адам құқықтарын сақтау, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ білім мен инновацияға негізделген дамуды стратегиялық бағыт ретінде айқындау көзделген. Конституция тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның ұзақмерзімді даму моделін нақтылайды, – деді ол.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



