Ресми

Мәжіліс депутаттарының 30%-ы бір мандатты округтерден сайланады

Мәжіліс депутаттарының 30%-ы бір мандатты округтерден сайланады. Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде осылай деді.

– Мәжіліс депутаттарының енді 70%-ы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30%-ы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады.

– Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады,-деді Президент.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button