Спорт

Мұз үстіндегі мәнер

«Қарағанды-Арена» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Қыздар арасындағы жарыста Софья Самоделкина жеңімпаз атанды.

Суреттер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Чемпионатқа еліміздің сегіз аймағынан 54 спортшы қатысты.

Астаналық Софья Самоделкина көш басынан көрінді. Ал, алматылық София Фарафонова күміс тағынды. Павлодардан келген Анна Санникова қола жеңіп алды.

Ұлдар арасында бірінші орынды Шымкенттен келген Олег Мельников, екінші орынды алматылық Никита Кривошеев, үшінші орынды қызылордалық Артур Смағұлов алды.

Софья Самоделкина өткен жылы азаматтығын ауыстырды. Ол енді халықаралық жарыстарда Қазақстанның атынан қатысады. Қазір 17 жастағы Софья Астанада өнер көрсетуде.

– Қарағанды ұнады! Жылы қабылдады. Мұз айдыны да жайлы. Ешқашан босаңсуға және қарсыластарды бағаламауға болмайды. Әрқашан өз бабыңызды сақтап, алда болуға тырысуыңыз керек. Мен екі бағдарлама бойынша сырғанағым келді. Біреуі – динамикалық, екіншісі – лирикалық. Бұл спортпен 13 жылдан бері айналысып келемін. Спортқа ата-анам баулыды. Мен қандай үлкен жарыстарға қатысқым келетінін әзірге білмеймін. Бірақ, жаттығуды күшейтемін, – деді Софья Самоделкина.

Чемпионат қорытындысы бойынша Гран-при және халықаралық старт кезеңдеріне спортшылар іріктеледі.

Ерік НАРЫН,
Суреттерді түсірген А.МАРЧЕНКО
Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button