Бас тақырып

Мәулен Айманбетов мердігер компаниялардың өкілдерімен құрылыс алаңында кездесті

«Samruk-Kazyna Construction» Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Қарағандыға және оған іргелес ауылдарға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептерді тұрғызатын мердігер компаниялардың өкілдерімен кездесті. Кездесу кабинетте емес, құрылыс алаңында өтті.

 

«Апта сайын атқарушылық техникалық есептерді уақытылы тапсырыңыздар. Кем дегенде, екі рет мерзімді бұзып, жұмыстарды кешіктірген жағдайда шартты бұзамыз. Ал, жобаны конкурста екінші орын алған компанияға береміз. Өздеріңізге ескертемін. Бақылау қатаң болады! Біз сапаға басымдық береміз», – деді Мәулен Айманбетов.

Егер мердігер құрылыс жұмыстарын орындау мерзімін бекітілген кестеден кем дегенде екі рет 7 күннен артық уақытқа кешіктірсе, келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылады. Мектептің құрылысы конкурста екінші орын алған компанияға сеніп тапсырылады. Ол талаптарға сай келмесе, онда жаңа мердігер бір көзден сатып алу арқылы анықталады. «Samruk-Kazyna Construction» басшылығының мәлімдеуінше, барлық жайлы мектепті уақытылы салып, белгіленген межеде тапсыру үшін талап күшті.

Қызғалдақ АЙТЖАН,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button