Мұстафин кентінің жастары ерекше акцияға қатысты
“Таза экология – таза Қазақстан”. Бүгін Ғабиден Мұстафин кенті көпшілік кітапханасының қызметкерлері осындағы агротехникалық колледж студенттерімен өткізген акцияның тақырыбы осындай болды.

Акция барысында “Эко-реп” флешмобында студенттер Виталий Кузьмин, Максим Касянюк “Чистый Казахстан” атты рэп оқып, олардың арттарында жасыл лента мен жапырақтар ұстап тұрғандары оның қайырмасына қосылды. Ол аяқталған соң олар жапырақтарын магнитті тақтада салынған ағашқа “Табиғатты қорғаймыз!” деген ұранмен жапсырды.
Келесі “Эко-викторина” бөлімінде кітапханашылардың еліміздің экологиялық проблемалары, соларды шешу жолында жасалған қадамдар жөнінде қойған сұрақтарына Наталья Реш пен Алексей Лященко жақсы жауап берді.
Ал акцияның “Эко-арт” бөлімінде тұрмыста қолданылып, қажетке жарамай қалған заттарды “LIFEHACK” қайта қолдану тәсілімен бөліскен студенттер Шынберген Ибрахим мен Алексей Лященко сенбілікте жинаған пластик ыдыстардан аула тазалайтын сыпырғыш жасап көрсетсе, соңында бәрі далаға шығып, оны сынақтан өткізді.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы