АймақЖаңалықтар

Мәслихат төрағасы дауыс берді

Қарағанды облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Кобжанов өз азаматтық таңдауын жасады. Ол «Достық үйіндегі» №100 референдум учаскесіне ерте келіп, жауапкершілікпен дауыс берді.

Суретті түсірген Ербол Ерболат

Өз таңдауын жасағаннан кейін Нұркен Кобжанов «Жәдігер» қолөнершілер қауымдастығының шеберлері ұйымдастырған көрмені тамашалады. Көрмеде ұлттық қолөнердің бай дәстүрі мен заманауи шығармашылық шешімдер тамаша үйлесім тапқан. Әрбір туынды қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырып, мәдени мұраға деген құрмет пен мақтаныш сезімін оятты.
Айта кетейік, учаскедегі атмосфера ерекше болды. Әр қатысушы өз таңдауы арқылы елдің болашағына белсенді қатысып жатқанын айқын сезінді. Дауыс берушілер көтеріңкі көңіл-күйде таңдау жасап, жауапкершілікті абыроймен орындады. Сонымен бірге, патриоттық рух барлық жерде анық байқалып, бұл шараның тарихи маңызы мен мән-мағынасын одан әрі айқындап тұрды.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button