АбайАймақ

Мүсіндер композициясы қойылды

Абай ауданының Топар кенті жылдан жылға көркейіп келеді. Мұнда биыл кентті сәулеттендіру жоспары аясында мүсіндер композициясы қойылды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Төрт мүсіннен тұратын бұл композицияға кент әкімдігі тапсырыс берген. Ал, оны шілде айынан қазан айының аяғына дейін мердігер ұйым «Қазжолқұрылысы» мекемесі орындап шыққан. Мүсіндерді жасауға бетон, қола қолданылып, сырты әдемі боялған.

Осы композицияға кіретін қазақы киімдегі ару кентке кіре берістегі жолдың жиегінде жолаушыларды күтіп алып, шығарып салып тұрса, тауешкі мен құлынды бие мүсіндері кенттегі көпір аузында орналастырылған.

Ал, соңғы оқушы мен баланың екі мүсінінің бірі осы көпір бұрылысына, екіншісі, осындағы Корниенко атындағы мектеп маңында орын тепкен.

– Кентті сәлеттендіру ісі жалғаса береді. Енді Жаңа жыл алдында екі көшенің шамдарын да әсем безендіру жоспарда бар, – деді Топар кентінің әкімі Марғұлан Сафаров.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button