Руханият

Мұражайдан тарту

10 ақпанда Қарағанды 90 жылдығын тойлайды. Мерейтойға орай бейнелеу өнері мұражайында көрме өтуде.

– Қарағандылықтар көрмеге келіп, қала тарихымен таныса алады. Суретшілердің өнерін тамашалауға мүмкіндік бар. Тарих қылқалам шеберлерінің кенептерінде мәңгі қалады, – дейді мұражай басшысы Бибігүл Құдабаева.

Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, көрермен өнер туындыларын тамашалау арқылы туған қаласына қатысты небір қызықты оқиғалармен танысады.

Сондай-ақ, көрмені тамашалаушы назарына жақында мұражайға сыйға тартылған қытайлық суретші Чжао Янцзюньдің «Анар пионы гүлдейді» картинасы ұсынылады. Сурет қағаз кесу техникасында жасалған. Анар жемістері молшылық, құнарлылық және жарқын болашақты бейнелейді. Сондай-ақ, пиондар байлық пен өркендеудің символы болып табылатынын айтады ұйымдастырушылар.

«Қарағандының көркем шежіресі» көрмесі 14 қаңтарға дейін жалғасады.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button