АймақПриозерск

Мұратбай НАРЫМБЕТОВ: Құрылыста ауытқуға жол жоқ

Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мəртебелі мамандық. Бұл сөзге əлемнің қай түпкіріне барсаңыз да, сəулеті мен сəн-салтанаты жарасқан ғимараттардың бой көтеріп, адамзат игілігіне айналып жатқаны жəне сан ғасыр өтсе де, өз құндылығын жоғалтпаған туындылар толықтай дəлел болады. Осындай жауапкершілігі зор мамандықты меңгерген Мұратбай Нарымбетовтің Приозерск қаласының дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Сəті бір түскенде Мұратбай Енсейтбайұлымен сұхбаттасқан едік.

– Мұратбай аға, əңгіменің кілті ретінде алдымен қай жерде дүние есігін аштыңыз, қайда оқып білім алдыңыз деген сұрақтан бастауым заңдылық шығар. Адамның жүріп өткен жолы мен сүрген өмірі – тарих. Ең алдымен, өзіңіздің өмір жолыңызға, еңбек жолыңызға тоқталып өтсеңіз?

– Менің кіндік қаным тамған жер – Қарақалпақстанның Тақта көпір ауданы, Мүлік ауылы. Сол кентте қазақ орта мектебінде оқыдым. Əскер қатарына шақырылғанша сол жерде еңбек еттім. Мектеп қабырғасында салған суретім талайдың таңдайын қақтыратын. Кішкентай бала кезімнен құрылыс саласына деген ерекше ықыласым болды. Əскери борышымды өтеп келген соң Көкшетаудағы «Курорт Строй» мекемесінде жұмыс істедім. 1995 жылы Приозерск қаласына қоныс аударып, алғашқыда жиһаз өндірісімен айналыстым, жиһаз жасадым. 2005 жылдан бастап, құрылыс саласына біржола бет бұрдым.

– Кейінгі жылдарда салынған нысандарда сіздің қолтаңбаңыз бар шығар. Атқарған жұмысыңыз, құрылыс туралы ойыңызбен бөліссеңіз…

– Құрылыс дегеніміз – ауыт қуына ешқандай жол беріл мей тін стандарттардың, нормалар мен ере желердің толықтай жиын ты ғы. Себебі, таразы басында сол ғи мараттарда өмір сүретін, жұмыс істейтін адамдардың тағдыры тұр. Мұны құрылысшы мамандығын таң даған адам ғана түсінеді. Қазір қарап отырсаңыз, Приозерск қаласы құрылыс алаңына айналған. Жыл сайын жаңа нысандар салынып жатыр. Ел қуанышына айналған ғажайып кешендердің көптеп салынуына қыстың суығы мен жаздың аптап ыстығында тер төгіп жатқан құрылысшылардың сіңірген еңбегі ерен. Олар білікті, іскер де қабілетті маман ретінде елдің əлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуіне айтарлықтай үлес қосуда. Мен сол салынған нысандардың жəне көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жұмыстарын жасаймын. Су, жылу құбырлары мен кəріз, электр жүйесін тартамын. Тозығы жеткен нысанда жаңғырту жұмыстарын атқарамын. Бұдан бөлек су желілерін орнатумен айналысамын. Қаладағы аялдамалардың дизайн жобасын дамытып, ерекше аялдамалар орнатылды. Бұдан бөлек, Сарышаған кентінде, Гүлшат қонысында құрылыс жұмыстарын жүргіздім. Саябақ, спорт, балалар алаңдарын жөндедік.

– Дұрыс-ақ. Десек те, осы құры лыс саласы жастарды көп қызықтыра қоймайтынын қалай түсінуге болады? Бұл жайт маман тапшылығын тудындатары даусыз. Дəл осы фактордың бүгінгі құрылыс секторына ықпалы қандай?

– Жасыратыны жоқ, құрылыс саласы білікті кадрларға зəру. Əлгінде айтылған құрылыс нормаларының бұзылуы, жобалаудағы қателіктер маман тапшылығын айқындап береді. Құрылысшы – қастерлі мамандық. Адам баласының толыққанды өмір сүруі үшін құрылысшыдай қызмет ететін мамандық иелерін саусақпен санап алуға болады. Ал, бүгінгідей жаһандану дəуірі қоғам өмірінің барлық арнасына дендеп енген шақта жаңа технологияны меңгерген жастардың құрылысшы болуға құлық танытпайтыны ащы да болса шындық. Жалпы, құрылысшы асқан жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Мұнда ұсақ-түйек қателік болмайды. Нысанды жобалаудан пайдалануға берілгенге дейінгі кезеңде əрбір қадам мұқият ойластырылып, есептеулер жүргізіледі.

– Отбасыңызға ойыссақ. Жолыңызды қуған балаларыңыз бар ма?

– Қазіргі уақытта ұлым Олжас менің жолымды қуып келеді. Бала күнінен құрылыс саласының мамандары сұранысқа ие екенін түсініп өсті. Қасымнан бір елі қалмай, құрылыс нысандарына еріп баратын. Алдымен заңгер мамандығына оқыды. Кейін құрылыс саласының маманы боламын деп шешті. Ұл балаларды құрылысшы мамандығына көптеп тəрбиелеу керек. Бұрын бала күнімізде үлкен үйлердің суретін салып, өскенде құрылысшы боламын деп армандайтынбыз. Балаларды кішкентай күнінен еңбекке баулып, үйретуіміз қажет. Өндірістік тəжірибеден өтуге келсе, жастарды қолдар едім. Қазір құрылысшы мамандығын оқығанымен сол салада еңбек етуге ынтасы жоқ жастар бар. Негізі, қызығы да бар ірі сала. Бастысы, құрылысшы жауапкершілікті сезінуі керек.

– Əңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Нұрдос КƏРІМ,
ПРИОЗЕРСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button