Бас тақырып

Мұнай бағасы төмендеп жатыр

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы Астана уақыты бойынша 08:46-да 1,37 пайызға төмендеп, бір баррелі 72,38 доллар болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет e-history.kz

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,57 пайызға төмендеп, бір баррелі 68,92 доллар болды.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің жаңа мәлімдемелері себеп болған. Сәрсенбі күні АҚШ ФРЖ күткендей, пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайызға төмендетіп, оны жылдық 4,25-4,5 пайызға жеткізді. Сондай-ақ, жаңартылған болжамдар ұсынылды. Енді 2025 жылдың соңына қарай мөлшерлеме 3,9 пайызға төмендейді деп күтіледі. Бұған дейін, қыркүйекте, келесі жылдың аяғында мөлшерлеме 3,4 пайыз деңгейінде болады деп болжанған еді.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button