Бас тақырып

МӘМС төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қарыз алушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегін ескеруді міндеттеді. Құжатта көрсетілгендей МӘМС жүйесі іске қосылғаннан бері біршама азаматтың төлем бойынша қарыздары жиналып қалған.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Егер клиенттің МӘМС бойынша берешегі болса, бұл оның несие қабілеттілігін бағалауда қосымша қауіп ретінде қарастырылады. Яғни, көрсеткіш нашар несие тарихы немесе қарыз жүктемесінің жоғары болуымен бір деңгейде есептеледі.

Жаңа талап барлық несиеге емес, сомасы қомақты қарыздарға қатысты қолданылады. Нақтырақ айтсақ, егер несие сомасы:

Ірі банктер үшін (капиталы 100 млрд теңгеден жоғары) — банк капиталының 0,01%-нан;

Кішігірім банктер үшін — капиталдың 0,02%-нан асса, клиенттің МӘМС тарихы тексеріледі.

Бұл жағдайда банк қарыз алушыға қатысты кеңейтілген талдау жүргізеді және ол жерде медициналық сақтандыру қарызы ресми түрде көрсетіледі.

Жаңа норма тек ірі несиелерге, шамамен 10 млн теңгеден жоғары сомаларға қатысты болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button