Жаңалықтар

«Мүмкіндіктер алаңында» жастар кәсіп бастаудың қыр-сырымен танысты

Әлеуметтің әлеуетін көтеру, жастарды жұмыспен қамту мақсатында аймақта алғаш рет өткен «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындарының облыстық жәрмеңкесіне жастар саясатын дамытуда мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие, қайтарымсыз грант алған жас кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Солардың бірі – көпбалалы ана, қала тұрғыны Әсел Мұқышева.

–          Мен бала тәрбиесімен үйдемін. Үйде бос отырмай, өзіме ыңғайлы тігіншілікті қолға алдым. Алдымен, балаларыма іш киім, майка, футболка тігуден бастадым. Бизнес идеямды қорғап, 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант ұтып алдым. Бүгінде ұлттық және этникалық стильде киімдер, желетке, қол дорбалар тігемін. Қазіргі уақытта мектеп формаларына деген сұраныс жоғары,– дей келе, тұтынушының сұранысына сай замануи стильде де тігетінін айтып өтті.

Жәрмеңкеге арнайы өз өнімдерін алып келген жас кәсіпкерлерде қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, кәсіп бастаудың қыр-сырымен бөлісті.

Сағыныш ӘБІЛ,

ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button