Ресми

Мүмкіндігі шектеулі жандар қалыс алған жоқ

Негізінен мүмкіндігі шектеулі жандар, жүріп-тұруы қиын үлкен кісілер үшін дауыс беру тұрғылықты мекен-жайында ұйымдастырылады. Бірақ, ІІ топ мүгедегі Игорь Кожокар өзі келіп, дауысын сайлау учаскесінде бергенді жөн көріпті.

– Кәсіби ауруларға байланысты мүгедектігім бар. Сайлау учаскесі туралы ақпарат ұялы телефоныма келді. Сол арқылы өзімнің учаскемді біліп алу қиын болған жоқ. Біз кеңес заманының адамымыз ғой, айтылған нәрсе орындалуы тиіс, – дейді ол.

 – Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Таңғы сағат 07:00-де ашылған сәттен келген сайлаушылар бар. Қазір әр партия мен қоғамдық бірлестіктерден 8 бақылаушы отыр. 2-ші қабатта оларды алмастыратын адамдар бар. Заңға қайшы әрекеттер тіркелген жоқ –деді №93 сайлау учаскесінің төрағасы Әсет Бекбергенов.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button