Бас тақырып

Мұхтар Мағауинге қарағандылықтардың атынан топырақ салды

Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық “Түрік дүниесіне қызмет” сыйлығының иегері, жазушы Мұхтар Мағауинмен қоштасу рәсіміне Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі, Америкада тұрып жатқан қандастарымыз бен сол жақта оқып жатқан білім алушыларымыз қатысқанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.

Суреттер ҚарУ

Қоштасу рәсіміне Вашингтондағы “George Washington University” оқу орнында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің профессоры, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты Азамат Дүйсембаев та барып, Арқа жұртының атынан топырақ салған екен.

Сұңғыла жазушыны соңғы сапарға шығарып салуға келген көпшілікке Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына және шығармашылық еңбегінің 65 жылдығына орай жарық көрген «Алтын Орда» туындысы ресми түрде таныстырылып, таратылды. Алдағы уақытта суреткердің соңғы еңбегін Е. Бөкетов зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасына табыстаймын,- дейді Азамат Алдашұлы.

Қабырғалы қаламгердің қаламынан туған құнды қазыналары оқырман игілігіне еңбек ете бергей!

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button