Мәңгілік Елдің ұрпағы

   Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында жалпыұлттық патриоттық құндылық ретінде ұсынылған «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында қалалық білім бөлімінің қолдауымен көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Сондай ауқымды шараның бірі – жақында Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен «Тұлғатану-2016» ғылыми жобалар байқауы болды.

Бірінші кезеңінде 60 жұмыс қаралып, 36 жұмыс ақтық кезеңге өтті. Жас ұрпақтың танымына үлкен әсері бар жобалар сайысын ҚББ әдіскері Р.Кұлмұханова ашты.

Роза Жаскенқызы өз сөзінде бүгінгі өткізіліп отырған шараның ұстаз үшін де, шәкірт үшін де тиімді екенін, алдағы уақытта оқушыларымыздың осы зерттеу жұмыстарын аяқсыз қалдырмай, жан-жақты іздену керектігін атап өтті.

Жүзден жүйрік шыққан болашақ жас ғалымдардың жұмыстарын арнайы тағайындалған қазылар алқасы, ҚББ әдіскерлері Г.Аймағанбетова, Р.Кұлмұханова қорытындылап, жүлдегерлердің есімін атады.

Нәтижесінде «Ұлы тұлғалар және олардың Қазақстан тарихы мен географиясын зерттеуге қосқан үлестері» бағытында І орынды №61 мектеп, ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп, ІІІ орынды №34 мектептің оқушылары иеленсе, тарихи тұлғалар өміріндегі «ақтаңдақтар» бағыты бойынша І орынды №92 гимназия-мектебі, ІІ орынды №23 орта мектебі және Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта мектебі, ІІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы №76, №41 жалпы білім беретін мектептер мен №3 гимназия оқушылары қанжығаларына байлады. «Ұлы даланың батыр қыздары» бағытындағы бірінші орынды №54 мектеп, екінші орынды №100 мектеп, үшінші орынды №12 , №33 мектеп оқушылары еншіледі.

Айнаш ЖЫЛҚАЙДАРОВА,

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.