Мәңгілік ел мұраты
Заманауи Қазақстан – бұл тарихымен бай және жарқын болашағы бар ел. Біздің мемлекеттігіміздің тарихы тереңнен тамыр алады.
Біздің мемлекетіміздің күші және оның азаматтық қоғамы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық-саяси тұрақтылығы, жас әрі жоғары білімді адамдардың сүйеуіне негізделген. Халқымыздың сан ғасырлық даналығы және озық білімді жастардың білімі мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы қиын кезеңін, қолайсыздық және тұрақсыздықтың барлық түрлерін жоюға көмектесті. Президентіміз «Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» дегендей біз үшін ең қасиетті Тәуелсіздік, Бірлік, Даму ұғымы бір-бірімен тығыз байланысқа айналған. Бұл үйлесімділік ретін ешқандай жағдайда бұзуға болмайды. Әсіресе, жастар халқымыздың өркендеуі мен болашағына орай толықтай жауапкершілікті сезінуі қажет.
Қазақстан Республикасының жастары Президентімізге жаңа интеллектуалды ұлт құруда берік тірек іспеттес. Тамаша кәсіби шеберлігінің және өз жұмысына деген адалдығы арқылы, бүгінгі жастар ертеңгі мемлекет қайраткерлері, Президентіміздің әрдайым айтатын ұлттық табысты жаңғырту мүмкіндігіне ие болады.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», – деген еді. «Мәңгілік Ел» – отандастарымыздың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны болып саналады. Біздер «Мәңгілік Ел» болу жолында өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу қажет. Сапалы еңбек арқылы «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Ол үшін жастар өз Отанын сүйетін ұлтжанды болуы керек. Ата-баба аманатын орындап, келер буынға үлгі боларлық іс жасауы тиіс. Осы ретте Елбасымыз «Мәңгілік Ел – ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы, деген болатын.
Барлық қиындықтар мен қиыншылықтарға қарамастан, демократиялы, тәуелсіз, егеменді ел болуда Қазақстан өзінің өркениетті отандық мәселелерді шеше алатынын және халықаралық күн тәртібін қалыптастыра алатынын дәлелдеді. Осы табыстарға жетуде таразыға салынған және теңдестірілген мемлекеттік саясат, өзара қағидаларға негізделген, ымыралы шешімге және оңтайлы бәтуаластыққа дағдыланған.
Бақытымызға орай, бірлесіп өмір сүру тәжірбиесі генетикалық жадымыз бен қазақ халқының тарихи санасында қалыптасқан. Себебі, Қазақстан жүзден астам халықтар мен ұлттарды біздің қасиетті жерімізде қанатының астына алған. Қазіргі таңда олар бір адамдай бүкіл еліміздің игілігі үшін, сондай-ақ, спорт, өнер, бизнес және де басқа салаларда өздерінің табыстары мен жоғары жетістіктерінің арқасында біздің республикамыздың даңқын бүкіл әлемге паш етуде. Қазақ жері дарындыларға бай. Олардың есімдері жұрттың жадында. Жастардың ең бірінші кезектегі алдына қоятын мақсаты – аға ұрпақтың аманат еткен құндылықтарын сақтау.
Жарқын ҚАЙРОЛЛА,
мамандандырылған музыка мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.