«Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен
Біздер, ұстаздар қауымы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр Жолдауында айтылатын қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру туралы айтқан ұсыныстарын мүлтіксіз орындап келе жатырмыз.
Ал, биылғы жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз», десе, кейіннен «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді», – деген болатын. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Біз сабақты жүргізу барысында оқушыларды Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына лайықталған тілдік қормен сөйлей білуге үйретіп келеміз.
Осылайша, оқушылардың қабілетін зерттеу барысындағы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын оқытып, үйретуде қазақ тілі пәнін пайдалануда жүйеленген, кешенді, арнайы бағыт пайда бола бастады. Бұл жобаның әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейтіні даусыз.
Жолдауда айтылғандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған әлемдегі үздік 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екені айдан анық.
Ұлы хакім Абайдың айтқанындай, жас баланың – «дара тұлғаның» әр нәрсені білсем, үйренсем деген ой – сезім, тілек, мүдделерін өсіру, қанаттандыру, өрістету үшін бүгінгі заманға қажет технология – Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы деп ойлаймын.
Айман БЕЙСЕКЕЕВА,
№9 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
ОСАКАРОВ ауданы.