Руханият

“Мәңгілік Ел – Қазақстан!”

2017 жылғы 1 мамырда сағат 12.00-де Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында Қазақстан халқының Бірлігі мерекесіне арналған «Мәңгілік Ел –Қазақстан!» атты театрландырылған мереке өтеді.

Шараны әрі қарай дәстүрлі «Достық шаңырағы» атты XIX облыстық ұлттар мәдениет фестивалі жалғастырып, оған облысымыздың Абай, Осакаров аудандары мен Жезқазған, Саран, Теміртау, Шахтинск, Сәтбаев, Қарағанды қалаларынан келген 30-дан астам этно-мәдени бірлестіктер қатысады. Сонымен бірге, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік пен Қарағанды қаласының көркемөнерпаз ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Басқа материалдар

Back to top button