Ресми

Мүгедектігі бар адамдарға арналған онлайн бос орындар жәрмеңкесі өтеді

18 қазанда мүгедектігі бар Қазақстан тұрғындары үшін бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Tanda Enbek платформасында әртүрлі бизнес бағыты бойынша бос жұмыс орыны жарияланады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Сурет министрліктің сайтынан

Үміткерлер жәрмеңкеге қатысу үшін жәрмеңке өтетін күні Enbek.kz платформасында тіркелу қажет. Сол күні қажетті жұмыс орынына өтініш бере алады. Ал, жәрмеңке  18 қазанда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Айта кетейік, жұмыс берушілер болса алдын ала тіркеуден өтуі қажет.

Жұмыс берушіде ұйымы туралы егжей-тегжейлі айтып, кәсіпорынның виртуалды стендінің арқасында өзінің мықты жақтары туралы ақпаратты, жұмыстың шарттары мен артықшылықтары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және мүгедектерге сәйкес келетін бос жұмыс орындарын көрсете алады.

Жұмыс беруші кандидаттардың түйіндемесін өзінің жеке кабинетінде сақтауына болады, мәтіндік форматта онлайн-әңгімелесу өткізе алады және Tanda.Enbek.kz порталындағы жеке кабинетте бетпе-бет немесе бейне сұхбатқа шақыра алады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушіні тіркеу туралы толық нұсқаулық мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://tanda.enbek.kz/ru/employer/faq.

Бос орындар жәрмеңкесін Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен ІteachМe қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button