Жаңалықтар

Мүгедектердiң әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектiлерiне, мәдени ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету

Мемлекет басшысымен «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойылды, оның басты міндеттері: объектілер мен қызметтердің қол жетімділігі, мүгедектердің тыныс-тіршілігне тең жағдай жасау болып табылады. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қол қоя отыра, мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеуге және қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар шараларды қабылдау үшін қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдардың нақты тең мүмкіндікті пайдалануын біздің мемлекет өз міндетіне алды. Осындай шараларға мыналар жатқызылуы мүмкін: мүгедектердің өмірлік және әлеуметтік дағдыларды игеру, білім беру жүйесінде оқыту,мүгедектер үшін қолжетімді ортаны туғызу және қала құрылысы, көлік, коммуникациялық және басқа да инфрақұрылымдарға бейімдеу, оңалту және басқа шаралар.Осы шараларды жүзеге асыру үшін мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға Қазақстан Республикасы Үкіметі кезең-кезеңімен іс шаралар Жоспарын қабылдап жүзеге асыруда. Бүгінгі күні іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі жұмыс істейді.Осы шараларды орындау үшін жоғарыда көрсетілген мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін нормативтік-құқықтық базаға тиісті өзгерістер енгізілді.«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізіліп, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын яғни, мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылым, мәдени ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттары объектiлерiне қол жетімділігін қамтамасыз етуін бақылау функциялары Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне берілді. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектiлерiне, мәдени ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қол жетімділігі мәселесі бойынша тексерулерді жүзеге асыру үшін департамент мамандары Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын 3.06-01-2011 (ҚР ҚН 3.06-01-2011) және Қазақстан Республикасының ережелер жинағын 3.06-101-2012 (ҚР ЕЖ 3.06-101-2012) басшылыққа алатынын айта кету керек. ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімділігі» сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сақтау барлық субъектілердің, сондай-ақ меншік иелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланушылардың міндетті құжаты болып табылады.ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімділіктің есебімен жобалау. Жалпы ережелер» ҚР ҚН 3.06-01-2011 талаптарын орындаудың қамтамасыз ететін құжаты болып табылады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» «Қазақстан Республикасының Кодексінде мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік нормасы көрсетілген, лауазымды тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады ( «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 83 бабы).Өткен 2016 жыл бойынша Қарағанды облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарына, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт кешендеріне қол жеткізу мәселесі жөнінде 15 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді, анықталған бұзушылықты жою жөнінде 13 ұйғарым жазылып, 7 әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button