Жаңалықтар

Мәдениеттің бір аты – тазалық

Қарағанды қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі қарамағындағы мекемелер де сенбіліктен қалыс қалмады. Атап айтсақ, «Теміржолшылар» мәдениет сарайы, «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйі мен «Молодежный» мәдениет үйінің қызметкерлері таңмен таласа қаланы қоқыстан тазартуға шықты.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Аталған үш іргелі ұжымның қызметкерлері өздеріне бөлініп берілген аумақты қоқыстан тазартып, арнайы қаптарға салып, жинап, бекітілген жүк көліктеріне тиеді. Мәдениет қызметкерлерінің де ұқыпты әрі қоғамдық жұмысқа мығым екендігін көрсетті.

– Біз бір үйдің баласындай сенбілікке уақытылы жиналдық. GrandStore сауда үйінен «Ғарышкерлер» көшесін бойлап, Штурманское көшесінің қиылысына дейінгі аумақты тазаладық. Әріптестер белсенділік танытты. Қаламыз таза болса, жайнап, құлпырып тұрса, шығармашылықты дамытады. Мәдениеттің де бір атын тазалық деп білеміз, – деді «Теміржолшылар» мәдениет сарайының «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйі бойынша директор орынбасары Амангелді Ахметжанов.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button