АймақБас тақырыпҚарағанды

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» тақырыбында семинар өтті

Бүгін «Достық» үйінде «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасын іске асыру бойынша семинар өтті.


Семинарға Қарағанды облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшелері, өңірдің қалалары, аудандары мен ауылдық округтері аналар кеңесінің мүшелері, Қарағанды облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері қатысты.


Алғашқы сөз кезегін Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллаұлы алып, шараға сәттілік тіледі.


Семинар спикері ретінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Шанай Назипа Ыдырысқызы, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай және ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Альпеисова Камал Әбілқасымқызы шақырылды.

Семинар барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің одан әрі жұмысының негізгі бағыттары талқыланды.
Семинарға қатысушылар Аналар кеңесінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді іске асыру жолдары туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар мен ұсыныстар берілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button