АймақТеміртау

Мәдениет майталмандары марапатталды

Мәдениет қызметкерлерінің күніне орай Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов осы салаға еңбегі сіңіп, қаланың мәдени және рухани өмірінің дамуына ерекше үлес қосып жүрген 17 адамды қабылдады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Оларды кәсіби мерекесімен құттықтаған сөзінде:

– Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ұлттық дәстүр мен рухани мұра сақталып, қоғамның мәдени келбеті қалыптасуда. Өнер арқылы адамзатқа шабыт, сезім мен сенім сыйлап келесіздер. Баршаңызға шығармашылық табыс,жаңа жетістіктер, зор денсаулық және шынайы көрермен ризашылығын тілеймін! – деді.

Қала әкімі бұдан кейін осында қатысып отырған мәдениет қызметкерлерінің барлығын Құрмет грамоталарымен марапаттады. Олардың арасында “Теміртау Мәдениет сарайы” КМҚК директоры Гүлнар Рахметова мен оның орынбасары Лариса Браун,”Мәдени, демалыс бақтары мен гүлзарлары басқармасы “КМҚК директоры Мәдина Сафарбекова мен оның орынбасары Тимуржан Ақыбаев, Ақтау кенті Мәдени-демалыс орталығының директоры Гүлім Әбілдә және осы орталықтың әдіскері Ксения Варначева, тағы басқалар болды.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button