Руханият

Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Нұра ауданында практикум өткізді

Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Нұра ауданының орталық кітапханалар жүйесі Б.Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапхана базасында «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» әдістемелік практикум ұйымдастырды. Практикумға қолдау көрсеткен – облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

 

Практикум аймақта халыққа қызмет көрсетудің бірыңғай заманауи ақпараттықкітапханалық жүйені қалыптастыруға ықпал ету, тиімді инновациялық кәсіби идеяларды тарату, облыстың кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытуды көздеді.

Практикум жұмысына қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің өкілдері қатысты. Аудандық орталық кітапхана ғимаратының алаңында практикум қатысушылары мен қонақтарын қазақтың ұлттық киімін киген жастар ән шырқап, шашу шашып, салтанатты түрде қарсы алды.

Кейін кітапхана фойесінде ұйымдастырылған «Кітаптар шеңберінде» атты жобалар көрме-инсталяциясын тамашалады. Н.Гоголь атындағы ОӘҒК («Объективте – Қарағанды» жастар фотокроссын), Теміртау ОКЖ «Оқитын қала», Ақтоғай ОКЖ («Тарих сөйлейді» жобасы), Осакаров ОКЖ («Библиотуризм: көшпенділердің ізімен»), Шет ОКЖ (IT-киіз үй) атты жобасын таныстырды.

Шараның ресми ашылуы кітапхананың оқу залында өтті. Ауқымды жиын барысында Н.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның ғылыми хатшысы Валентина Пак сөз сөйлеп, аймақ кітапханаларының одан әрі дамуына, мамандардың кәсіби шараларды өткізу тәжірибесін жинақтауына үлкен көмек көрсететінін айтты.

Нұра ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы Жарқын Нұрмағамбетов облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Жұмакеновтің практикум қатысушыларына арналған құттықтауын жеткізді.

 

Практикум жұмысына арнайы шақырылған Ұлттық академиялық кітапхана басшысының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары Нұржан Жолдыбалинов пен журналист, «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапты хатшысы Бибігүл Құламан қатысты.

Бибігүл Бөкенбайқызы «Әлеуметтік желідегі жеке бренд» тақырыбында тренинг өткізді. Онда әлеуметтік желілерде жұмыс істеу әдістері мен тәжірибелерін қарапайым тілмен, жоғары кәсіби деңгейде жеткізіп, ұялы телефонға бейнежазба түсірудің, бейнені монтаждау дағдылары бойынша практикалық жұмыс жүргізді.

Пікір алмасу барысында осындай қызығушылық танытқан аудиторияға лебізін білдіріп, қатысушыларға сертификат табыстады.

Үзілістен кейін практикум қатысушылары екі шығармашылық топқа бөлінді. Бірінші топ жаттықтырушы Н.Жолдыбалиновтың «Мобилография: оқырмандарды кітапханаға баруға шабыттандыратын мобильді контент» атты тренингіне қатысса, екінші топ Н.Гоголь атындағы ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы А.Карашованің «Кітапханалық идеялар марафоны» атты шығармашылық алаңына қатысты.

Үшінші шығармашылық алаң «Электронды кеңістіктегі кітапхана» деп аталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button