Облыс әкіміРесми

Мүдде – жергілікті бизнесті қолдау

Мемлекеттік сатып алулардағы жер­гілікті қамту үлесін ұлғайту қажет. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК тағы да еске салып, мемлекеттік орган­ дарға өнімдерді отандық тауар өндіру­ шілерден сатып алуды ұсынды. Аймақ басшысы онлайн форматта өңірдің бизнес және басқарма өкілдерімен кез­десті. Кеңесте қарағандылық тауар өндірушілердің жоспарлары мен пробле­ малары талқыланды.

Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы бейін­ ді ведомствоның басшысы Нұрлан Әлімжанов егжей-тегжейлі айтып берді.

– Жұмыспен қамту жол кар­ тасы бойынша өңірде 19 жоба жоспарланған. Бағдарламаның басты шарттарының бірі – жергілікті қамту 90%-дан кем болмауы тиіс. Отандық тауар өндірушілерден құрылыс ма­ териалдары мен жабдықтарын сатып алуды қамтамасыз ету қажет, – деді спикер.

Сондай-ақ, Нұрлан Әлімжановтың айтуынша, «Қарапайым заттар эконо­ микасы» тізбесіне осы жылдан бастап өнеркәсіптің сегіз саласы енгізілген. Целлюлоза-қағаз және фармацевти­ка саласының тауарлары жеке топқа бөлінген. Қазақстандық қамту үлесі бойынша келесі мақсаттар қойылды: жеңіл өнеркәсіп – 65,5%, жиһаз өн­ дірісі – 66,3%, құрылыс материалда­ры өндірісі – 67,1%, машина жасау – 20,3%, химия өнеркәсібі – 17%.

Өз кезегінде кәсіпкерлер мемле­ кеттік сатып алу саласындағы пробле­ малар туралы айтып берді.

– Тапсырыс беруші тарапы­ нан ұсынылатын өнімге сәйкестік сертификаттарының, СТ-КZ серти­фикаттарының болуына бақылау жоқ. Жеткізуші көрсеткен жабдықтар мен қызметкерлердің тізімі бақыланбайды. Осындай сәттерде тапсы­рыс берушілер қолайсыз жағдайда қалады. Ұйым басшыларына әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін қалай қарау керектігін түсіндіретін кездесу­лер қажет, – деді «ЕСКО» ЖШС дирек­ торы Андрей Шмарин.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер «мемле­кеттік сатып алуларды басқа өңір­лердің кәсіпкерлері мен импорттық тауарды жеткізушілер жиі ұтады» деп шағымданды. Шағымға жауап ретінде облыс әкімі баға белгілеу туралы еске салды. Егер, жергілікті тауар өндірушілер бағаны көтерсе, онда олар басқа облыстардың кәсіп­ керлерімен бәсекелесе алмайды.

– Біздің міндетіміз – «баға-сапа» параметрлерін ескере отырып, мем­лекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесін барынша арттыру бо­лып табылады. Біз қарағандылық өндірушілер тауарларының сатылуын арттыруға мүдделіміз, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қалалар және аудандар әкім­деріне, басқармалар басшыларына облыс әкімі ведомствоға қарасты мекемелер үшін біртекті тауарларды орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыруды ұсынды. Бұл кәсіп­керлерге тауарлардың ірі партияла­ рын сатып алуға қатысу үшін ыңғайлы болады. Мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілерден сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мысалы, төтенше жағдайлар департаментінің көлік жөніндегі ве­домствосындағы жергілікті қамту үлесі 40%-ды, арнайы мундирлеу бойынша 100%-ды құрайтынын атап өтті. Полиция департаменті жер­гілікті қамтудың 90% үлесі туралы хабарлады. Бұл көрсеткішті 100%-ға дейін арттыру жоспарда бар. Ден­саулық сақтау басқармасы сатып алу­дағы Қарағандының үлесі 50%-ды құрайтыны туралы есеп берді. Биыл жергілікті эксперименттік зауыт­тан науқастарға арналған көпфунк­ционалды медициналық кереуеттер сатып алынады. Әлеуметтік тұрғын үй құрылысындағы жергілікті қамту үле­сі 78%-ды құрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button