Бас тақырыпРесми

Мұғалімге қол жұмсағандардың да жазасын қатаңдатамыз – Ермек Көшербаев

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында мұғалімдер шабуыл жасап, қарсы әрекет еткендерге де жаза күшейетіндігін айтты.

Сурет kaz.orda.kz

Журналист Денсаулық сақтау министрінен медицина қызметкерлеріне шабуыл жасайтындардың жазасы қандай баптармен қатаңдатылатынын сұраған. Ермек Көшербаев осы сұраққа қосымша жауап бере отырып, мұғалімдердің құқығы туралы сөз қозғады.

– Тек медицина қызметкерлерін ғана емес, басқа салаларды да қорғау жүйесі болу керек деп есептейміз. Соңғы кезде мұғалімдер де шабуылға ұшырай бастады. Әрине, заңда мұғалімдердің құқығы қорғалатыны жазылған. Бірақ мұғалімдерге қарсы әрекет пен оның жауапкершілігі бір-біріне сай болу керек. Оны да қарастырып отырмыз. Біраз ұсыныс бар. Депутаттармен бірге ақылдасып, азаматтарға жеткіземіз деп ойлаймын, – деді Ермек Көшербаев.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button