Көкпекті ауылында Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті
Осы тақырыпта Көкпекті ауылының жаңадан салынған Мәдениет үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш барысында Көкпекті ауылдық Мәдениет үйінің “Сарыарқа сазы” хоры мен қарағандылық “Кәусар” дуэті және “Әлқисса” ансамблі, сондай-ақ жергілікті өнерпаздар Бақтілек Мейраш, Адай Рахимов пен Нұртас Таңатбекұлы өз өнерлерін ортаға салып, көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Бұл әдеби-сазды кеште осындағы орта мектептің оқушылары Аружан Еркінова, Айзере Таңатбек, Балауса Еркінова Мұқағали Мақатаевтың өлең-жырларын мәнерлеп оқып, оның поэзиясына деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетті. Ал өнерпаз әншілердің Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндерді орындауы тыңдармандарды сүйсініп, құлақ құрыштарын қандырды.

Шара соңында Көкпекті ауылдық округі әкімінің атынан осынау тамаша әдеби-сазды кешті ұйымдастырушылар мен оған қатысқан өнер иелеріне Алғыс хаттар тапсырылды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



