Жаңалықтар
Ұлытаудағы шахта апатының алдын ала себебі аталды
«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алдын ала мәліметке сәйкес корпорация кеніштеріне тән емес табиғи газдың жарылысы болған.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Оқиғаны тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтауда толық көмек көрсетуде, – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда кеніште арнайы штаб жұмыс істеуде. Ұлытаудан бөлек Қарағанды облысынан арнайы келген төтенше жағдайлар қызметкерлері де кеніш басында. Астанадан дәрігерлер мен психологтар келіп көмек көрсетуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz