Ресми

Ұлытауда төтенше жағдай жарияланды

Ұлытау ауданының Жангелді, Ақтас, Амангелді ауылдық округтері аумағындағы өрттен ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Қазіргі уақытта жағдай Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің тұрақты бақылауында. 

Өртті жою бойынша операцияны басқару ауданға барған облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровқа тапсырылды. 

Малы қырылған немесе жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің шығынын бағалау жөнінде комиссия құрылды.

Ұлытау ауданының үш округіндегі дала өрттерін жоюға 216 адам және 28 техника тартылды.

Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр.

Басқа материалдар

Back to top button