Бас тақырып

Ұлытау облысында еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды

Жезқазғанда «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қолдауымен әйгілі шахматшы, әлемнің бес дүркін чемпионы Жансая Әбдумәліктің шахмат академиясының жаңа филиалы ашылды.

Суреттер Ұлытау облысының әкімдігі

Ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков, “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев, Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) президентінің кеңесшісі Берік Балғабаев қатысты.

Бұл филиал еліміздегі ең үлкен шахмат академияларының бірі. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Мұнда облыстың 5-18 жас аралығындағы 1000-ға жуық жас шахматшы білім алады.
– Ұлт ұясы – Ұлытауда сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Барлығыңызды академияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы спорт саласына ерекше көңіл бөлуде. Нәтижесінде спортшыларымыз әлемдік додаларда әрқашан биіктен көрініп келеді. Шахматта біздің спортшылар әлемдік додаларда өте жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Елімізде 8 мыңнан астам шахмат үйірмелері жұмыс істейді. 270 мыңнан астам бала шахматпен айналысады. Жансаяның өзі халықаралық гроссмейстер. Әлемдік аренада топ жарып, өзінің спорттағы жолынан бөлек, балаларды спортқа баулып, оларға жол ашып жатыр. Келешекте осындай академиялардан әлемдік додаларды бағындыратын спортшылардың өсіп шығатынына сенімдімін, – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

900 шаршы метр аумақты қамтитын жаңа филиалда оқушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу орталығы болашақ чемпиондарға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button