Жаңалықтар
Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды
Ұлытау облысында балаларды қамқорлығына ала тұрып, бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған әйел құрықталып, қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.
— Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп жазды Динара Закиева.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Ұлытау облысында 5 жыл бойы фермада жұмысқа жегіліп, құлдықта болған балаларға барғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА