Жаңалықтар

Ұлытау облыстық мәслихатының І сессиясы өтті

Жезқазғанда Ұлытау облыстық мәслихатының І сессиясы өтті. Ұйымдастыру сессиясына облыстық мәслихат депутаты Бекзат АЛТЫНБЕКОВ төрағалық етті.


Сессияның хатшылығы, есеп комиссиясы, редакциялық алқасы бір ауыздан сайланды. Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы лауазымына депутат Бауыржан Шыңғысовтың кандидатурасы ұсынылды. Депутаттар Ерболат Сатыбалдин мен Ерден Балтабайұлы ол туралы өз пікірін ортаға салып, жаңа қызметте сәттілік тіледі.
Депутат Бауыржан Шыңғысов бір ауыздан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Сессия тізгінін қолына алған Бауыржан Шыңғысов зор сенім көрсеткені үшін әріптестеріне алғыс айтып, күн тәртібіне көшті.
Облыстық мәслихаттың комиссиялары құрылып, олардың құрамы мен төрағасы сайланды.
Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияға – депутат Ерболат Сатыбалдин, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға – депутат Бекзат Алтынбеков, Өнеркәсіп, кәсіпкерлік,аграрлық және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға Силар Қияқбаев бір ауыздан төраға болып сайланды.
Сессияда «Облыстық мәслихаттың аппараты» ММ құрылып, облыстық мәслихат аппаратының құрылымы және облыстық мәслихаттың регламенті бекітілді.
Ұлытау облыстық мәслихатының І ұйымдастыру сессиясы осымен өз жұмысын аяқтады.

Әлібек ӘБДІРАШ.
ҰЛЫТАУ облысы.

Басқа материалдар

Back to top button