Ресми

Ұлытау ауданындағы дала өрттеріне найзағай себеп болды

Бір уақытта Ұлытау ауданында 12 от ошақтары тіркелді. Шенбер және Амангелді ауылдарының аймағында өрттер іс жүзінде сөндірілді. Байқоңыр ауылының жағдайы қиын болып қалуда.

— Біз облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Ұлытау ауданына ұштық, – деді әкімнің орынбасары Серік Шайдаров. – Ыстық ошақтарды қарап шықтық. Өрттің пайда болу себептерінің бірі – құрғақ найзағай. Өрттер тәулік бойы сөндірілуде. Негізгі күштер Байқоңыр ауылына бағытталған.

Өртпен күресу үшін 266 адам мен 42 арнайы техника жұмылдырылды. Жанар-жағармай Жезқазған мен Сәтбаев қалаларынан қамтамасыз етілген.

Еске салайық, Ұлытау ауданының үш ауылдық округіндегі дала өрттеріне байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Шығынды бағалау үшін арнайы комиссия құрылды.

Басқа материалдар

Back to top button