Бас тақырып

Ұлыс мейрамын өз деңгейінде ұлықтап жүрміз бе?

Қазақ жеріне ырысы мен берекесін алып, Ұлыс мейрамы табалдырығымыздан аттағалы тұр. Осы бір қадірі мен қасиеті мол мейрамды біз өз деңгейінде атап өтіп жүрміз бе? Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Saryarqa Aqparat» медиахолдингіне қарасты облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газеті дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Онда қоғам қайреткерлері, қаламгерлер мен халық қалаулылары бас қосып, пікірлерін ортаға салды. Аталған шара Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтті.

Жасыратыны жоқ, бүгінде Наурыз мейрамы киіз үй тігу мен бауырсақ пісірудің деңгейінде қалып қойды. Ас ішіп, аяқ босатудың шеңберінен шыға алмай келеміз. Ал, бұл келешек ұрпаққа не береді? Жиынға қатысушылар мейрамды заманға лайықтап, жаңашыл форматта өткізу мәселесін талқылап, келелі ой қозғады.

Шараға қатысушылардың қатарында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер Кеңес Жұмабеков, облыстық мәслихаттың депутаттары Айтбай Жұмағұл пен Меруеш Башай, қоғам белсендісі Майра Абдрахманова, Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған «Qazaq сlub» төрағасы Нұржан Сұршаұлы бар. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде, ұлттық идеологияны жасаудағы маңызы һақында әңгіме өрбітті.

Дөңгелек үстелде айтылған пікірлерді газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button