АймақБұқар жырау

«Ұлылар ұлағаты ұмытылмайды»

Бұқар жырау ауданында қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық және оның шәкірті, осы жердің тумасы, академик Арықтай Қайыповтың 110 жылдық мерейтойларына байланысты шаралар жалғасын тауып, бүгін аудандық орталық кітапханада «Ұлылар ұлағаты ұмытылмайды» атты сұхбат-кездесу өткізілді.

Суреттерді түсірген автор

   Осы кітапхананың әдіскері Майгүл Асқарова ұйымдастырып, бастан аяқ жүргізген бұл бас қосуға кеше күні Қанағаң мен Арықтай ағамыздың көзін көрген ардагер ақсақал, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы Жеңіс Шәдетов пен Арықтай ағамыздың аталас туыстары Әлімтай Кулов, Қайдар Ахмадиндер арнайы шақырылып, аудандық Мәслихаттың төрағасы Асхат Әлиев, кітапхана оқырмандары көптеп қатысты.

Сұхбат-кездесу өткен кітапхана залында «Геологияның қос алыбы» тақырыптық көрмесі мен қос ғалымның еңбектері, олар туралы жазылған материалдар жинағы көпшілікке ұсынылып, экраннан олардың өмірі мен ғылыми қызметі жайлы деректер көрсетілді.

Бұдан кейін сөз алған Жеңіс пен Әлімтай ақсақалдар ғұлама ғалымдар жөнінде естеліктер айтып,көрген-білгендері мен естігендерін ортаға салды.

 Арасында осындағы «Руханият» қосымша білім беру орталығының мұғалімдері Диас Ғабдолла мен Саян Бөдес  өз кезінде Қанағаң сүйіп тыңдаған ән-күйлерді келістіре орындады.

Мазмұнды өткен жиын соңында аудандық орталық кітапхана директорының міндетін атқарушы Гүлайым Жұмкенова арнайы шақырылған қонақтарға Алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар тапсырды.

Ержан ИМАШ,

ortalyq.kz

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button