Ұлы дала ұлағаты

     Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығындағы көркемсурет гале­рея­сында өткен жылы Президент күні қарсаңында басталған «Ұлы даланың мұрагерлеріміз» атты көркемсурет туын­­дыларының көрмесі нүктесін бүгін қоймақ.

      Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың сәндік қолданбалы өнер және сурет факультетінің оқытушылары мен студенттері ұйымдастырған көрме белгілі американдық суретші Р.Кенттің сөзін еске салады. 1962 жылы Қазақстанға келген ол: «Ұшақта отырғанда осынау ұлан-байтақ жазираны аралап шығуға, әттең, уақытым жетпейді-ау деп өкініп едім. Бақытыма қарай Әбілхан Қастеев шығармаларын көріп, Қазақстанды түгел аралағандай болдым», – деген екен. Бұл сөзді 19 қылқалам иесінің ең таңдаулы шығармалары топтастырылған аталған көрмеге қатысты да айтуға болады. Оның ішінде Сейітмахан Қалмахановтың қылқаламынан туған «Томирис», Мадихан Қалмахановтың «Ұлы дала мәнері», тағы басқа ерекше туындылар бар. Суретші А.Тебеновтың «Көшпенділердің музыкалық мұрасы» атты үш бірдей картинасы, О.Павлованың «Ұлы дала», «Бостандық», «Көшбасшы қаласы» атты туындылары көрме төрінен орын алды.

Құрманшәді ОРАЗЫМБЕТОВ, Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері.

Теміртау қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.