АймақБұқар жырау

Ұлы Абайдың мерейтойына арналды

Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кентіндегі көпшілік кітапханада “Ұлы халықтың Ұлы Абайы” тақырыбымен өткен әдеби-сазды кеш Ұлы Абайдың биылғы 180 жылдық мерейтойына арналды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл кеш барысында “Ұлылардың Ұлысы – Абай” атты ашық көрме ұйымдастырылып, кітапханашылар осы шараға келген оқырмандарды Ұлы ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстырып,оның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Атап айтқанда, кітапханашы А.Даривхан Абай Құнанбаевтың “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”, кент Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы А.Руппель “Жастықтың оты жалындап” өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде жатқа айтса, осы мекеменің директоры Т.Сарангова музыка пәнінің мұғалімі Э.Тютинникованың сүйемелдеуімен.”Көзімнің қарасы”, “Желсіз түнде жарық ай” әндерін тамылжыта орындады.

Ал кітапханашылар мен оқырмандар “Айттым сәлем,Қаламқас” әнін жабыла қосылып шырқады. Одан әрі Абай өмірінен сыр шертетін слайдтар көрсетіліп, оқырмандар викторина сұрақтарына жауап берді. Сол сияқты Абай туралы жазылған зерттеулер еңбектері айтылып, Мекемтас Мырзахметовтың “Абайтану” кітабының томдығы, Б.Ердембековтің “Абайтану”, З.Ахметовтің “Абай и Лермонтов”, А.Анастасьевтің “Абай”, Д.Досжановтің “Абайдың рухы”, Р.Сыздықованың “Абай шығармаларының тілі” кітабының 3 томдығы таныстырылып, оқуға ұсынылды.

Кешке қатысқан үлкен-кіші оқырман Ұлы ақын өмірі мен шығармалары жөнінде мол мағлұмат алып, рухани азық алып қайтты.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button