Ұлттық жоба ұтымды
Қазіргі уақытта облыстың ауылдық елдімекендерінде жеті аудандық аурухана, төрт ауылдық аурухана, 59 дәрігерлік амбулатория, 49 фельдшерлік-акушерлік пункт және 136 медициналық пункт бар. Былтыр «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 26 жаңа медициналық нысан ашылды. Президент тапсырмасымен қолға алынған жоба ауыл халқының сапалы медициналық көмек алуына, қала мен ауыл арасындағы сапалық алшақтықты жоюға бағытталған.
Биыл 66 медициналық нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Оның дайындық жұмыстары былтыр қолға алынған. Жалпы, 2026 жылға қарай өңірдегі ауылдық медициналық ұйымдардың 52%-ы жаңартылады.
Өңірлік бағдарлама аясында 2033 жылға дейін тағы 20 нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, бір ауылдық аурухана, үш дәрігерлік амбулатория, төрт фельдшерлік-акушерлік пункт және 12 медициналық пункт бой көтереді. Өткен жылы үш аудандық аурухана 368 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. 2025-2026 жылдары 282 млн теңгеге тағы бір аурухананы жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру үшін әр ауданда жылжымалы дәріхана пункттері жұмыс істейді. Төрт өңірде жылжымалы медициналық кешендер, емдеуді қамтамасыз ету және шалғай елдімекендерде көмек көрсету қолданылады. Телемедицинаны дамыту шалғайдағы аудандардың тұрғындары үшін консультациялық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі 38%-ға өсіп, 38 мыңнан астам осындай көмек көрсетілді. MED365 жобасы шеңберінде 91 ауылдық елдімекенде мобильді кешендер орнатылды. Олардың көмегімен бір жылда 45 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
Кадр мәселелерін шешу үшін әкімдіктермен және бейінді ұйымдармен бірлесіп мамандарды тарту бағдарламасы іске асырылуда. Ауылдық жерлерге келген дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер көтерме жәрдемақы, қызметтік тұрғын үй алады, оқудан және тағылымдамадан өтеді.
2024 жылы ауылдық жерлерге жұмысқа 210 жас маманның 106-сы жіберілді. 63 маманға 407 млн теңге көлемінде көтерме ақы төленді. 2025 жылға бұл мақсатқа 419 млн теңге қарастырылған. Бұл қаражат тағы 70 маманды тартуға мүмкіндік береді. 2024 жылы 200 пәтер берілсе, оның 54-і ауылдық жерлерде. Осы жылы Нұра ауданында 14 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Қосымша «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы іске асырылып жатқанын айта кету керек. Оның шеңберінде ауылдық жерге келген 106 маманның барлығы көтерме жәрдемақы алды. 40 маман 2 500 АЕК сомасына тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитті пайдалану мүмкіндігін алды. Қайта даярлау бағдарламасы аясында 106 маман шетелде оқытылды, оның 25-і ауылдық ұйымдардан шыққандар.
Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту – бұл медициналық көмектің сапасын арттыру ғана емес, сонымен қатар, ауыл елдімекендер тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру. Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, жүйелік сын-қатерлер кадр саясатын, технологиялық инновацияларды және тұрақты қамтамасыз етуді қоса алғанда, кешенді тәсілдерді қолдануды талап етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Суреттер денсаулық сақтау басқармасынан