Таным

Ұлттың жаны – қазақ әдебиеті

Қадірлі достар! Сіздерді 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күнімен құттықтаймын! Бұл игі бастама 2019 жылы Қарағанды қаласында республикалық Qazaq club-тың бастамасымен қолға алынып, Қазақ ұлттық күнтізбесі жобасына енгізілді. Осы күні 1915 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, дарынды қаламгер Ілияс Есенберлин дүниеге келген. Ілекеңнің “Көшпенділер” романы қазақ халқының тарихын жас ұрпаққа насихаттап, ұлттық сана мен тәрбие беруде айрықша рөл атқарды.

Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы – қазақ әдебиетінің феномені. Оның туындылары арқылы жастарымыз өз тарихын, ұлттық мұрасын танып, оны бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Сондықтан да жазушының туған күнінің Қазақ әдебиеті күні ретінде мерекеленуі – орынды, әрі маңызды бастама.

Сурет автордың жеке мұрағатынан

Баршаңызды 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күнімен құттықтаймын! Қазақ әдебиеті дами берсін, рухымыз биік, дәстүріміз берік болсын!

Құрметпен,
ақын Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button