Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Қарағандының «Думан» балабақшасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы дала баласы», «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында вариативтік қосымшаны іске қосу мақсатында жиын өтті. Қалалық «Аяла», «Алпамыс», «Балақай», «Тілек» және Жаңаарқа ауданының «Ақерке» балабақшалар қауымдастығының өкілдері қатысты. Семинарға балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері де атсалысты.

Семинардың мақсаты – балабақшалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, мектепке дейінгі мекемеде ұлттық тәрбие негіздерін дамыту және кәсіби шеберліктерін арттыру. Шараның ашылуында балабақша әдіскері бағдарламамен таныстырып өтті. Семинарға қатысушылар вариативтік компонент сабақтарын тамашалады. Аталған вариативтік компонент сабағы барысында тәрбиеші А.Шегай балаларды туған қаласының тарихы мен мәдениетімен таныстырып өтсе, тәрбиешілер Д.Салықова мен Р. Аулабаева балаларға қазақтың салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттады. Семинар музыка жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткен кешпен аяқталды.

Ш.КЕНЖЕБЕК,

«Думан» балабақшасының

директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.