Ұлттық спорт – ұлт келбеті
Бүгін, наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.
Тəуелсіздік алған жылдардан бастап елімізде 25-тен астам ұлттық спорт түрі қарқынды дамып келеді. Оның ішінде қазақ күресі, тоғызұмалақ, асық ату, құсбегілік, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, ұлттық ат жарысы түрлерімен айналысатындар саны едәуір артқан.
Ұлттық спорт елімізде тұрақты түрде ұлықталуда.
Бүгін, ұлттық спорт күніне орай спорттық іс-шаралар өтеді.
Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде (Комиссаров көшесі, 45а) мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир жоспарлануда. Басталуы сағат 10.00-де.
Сонымен қатар жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайтын көкпардан Қарағанды әкімінің кубогы өтпек. Жарыс Тәттімбет көшесі бойындағы «Baspana» тұрғын үй кешені мен «Күнгей» шағынауданының арасындағы ауданда өтеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz