Бас тақырыпРесми
Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды.

Отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әрі қарай дамуының негізгі бағыттарын жариялап, қоғамдық өмірдегі өзекті мәселелерге тоқталады.
Ұлттық құрылтайда депутаттар, үкімет өкілдері және сарапшылар да қатысуда.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың алдыңғы отырыстары былай өткен:
- 2022 жыл – Ұлытау
- 2023 жыл – Түркістан
- 2024 жыл – Атырау
- 2025 жыл – Бурабай
Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтай отырысының егжей-тегжейін жариялаған еді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



