Ұлттық рейтингте – бірінші

Жүзуден Грецияның Салоники қаласында өткен халықаралық турнирден жерлесіміз Ксения Игнатова үш алтын медаль жеңіп алды. Осы жеңісінен кейін спортшы ұлттық рейтингте бірінші орынға көтерілген.

Аталмыш турнирге әлемнің жеті елінен 600 спортшы қатысқан. Ксения Игнатова 50, 100 және 200 м қашықтықта шалқалап жүзуден бақ сынап, үш бірдей алтын медаль еншіледі. Бүгінде спортшы Ә. Молдағұлова атындағы  олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі. Өзі Саран қаласының тумасы. Осы жетістіктерінен кейін құрдастарының арасында ұлттық рейтингте бірінші орынға шықты. Сондай-ақ, 2023 жылғы Азия ойындарына жолдама иеленген алғашқы үміткер атанды.