Ұлттық құрама жаттығу жұмыстарын аяқтады
Бүгін Алматыда өтіп жатқан бес күндік оқу-жаттығу жиындары аяқталды. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы матчтары қарсаңында Қазақстан құрамасының ойыншылары және бапкерлерімен кездесіп, алдағы ойындарға сәттілік тіледі.
Енді отандастарымыз Италияның Парма қаласына ұшады. Сан-Маринодағы стадионда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, ойын «Эннио Тардини» стадионында өтеді.
Әділет Барменқұлов футболшылардың жағдайын сұрап, оқу-жаттығу жұмыстарымен танысты. Алдағы ойынға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ұлттық құрама сапындағы Нұралы Әліп, Ян Вороговский және Абзал Бейсебековті кішкентайлы болуымен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамаға шақыртылған Александр Зуев өкінішке қарай жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайтын болды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz