Ресми

Ұлттық мүдде мен бірлік – ел дамуының басты кепілі

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан алдағы уақытта да ұлттық мүддесін қорғауды, елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуды басты міндеттердің бірі ретінде жалғастыра береді. Президент мәслихат депутаттарының III республикалық форумында сөйлеген сөзінде елдің ұстанымы мен ел дамуының негізгі бағыттары туралы айта келе, жаңа өзгерістердің маңыздылығына тоқталды.

Сурет Ақорда

– Қазақстан ұлттық мүддесін, егемендігін әрдайым қорғайды. Келешекте де солай болмақ. Біз – жасампаз ұлтпыз. Қарым-қатынаста қиратпаймыз, бауырымызға тартамыз. Ешкімді жатырқамаймыз, бөлінбейміз, бірігіп, тату-тәтті тіршілік етеміз. Сондықтан біздің төлқұжатымызға халықаралық сенім жоғары, орасан зор күшке ие құжат ретінде мойындалады. Азаматтарымыз дүние жүзін емін-еркін шарлап, шетелдерде білім алады, кәсібін жүргізеді. Бұл еліміздің әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең, мол мүмкіндікке ие екеніне айқын дәлел. Біз Әділетті Қазақстанның негізін қалап жатырмыз. Бұл елде кез келген адам әлеуметтік мәртебесіне, саяси, идеологиялық таңдауына, тіліне, дініне, этникалық шығу тегіне қарамастан, өз қарым-қабілетін толық пайдалана алады. Осы тұрғыдан жаңа Халық Конституциясының жобасы ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын келешегіне берік әрі мызғымас іргетас болады деп айта аламын, – деді Президент.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button